• Басты бет
  • /
  • 5-6 сыныптар арасындағы шағын футбол
5-6 сыныптар арасындағы шағын футбол

4 мамырда біздің мектептің қабырғасында 5-6 сыныптар арасында шағын футболдан қызықты кездесулер өтті. № 19 ЖББМ, № 10 ЖББМ, № 30 ЖББМ және Бөкейханов атындағы мектептің командалары қатысты. Бұл жарыстар ерекше маңызды болды.Өйткені 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орайластырылған. Жас спортшылар өздерінің спорттық дағдыларын ғана емес, бәсекелестік пен серіктестік рухын да көрсетті.